RU
Салондағы мүлкін ойлаған қызметкер тым толық әйелге қызмет көрсетпей қойған

Салондағы мүлкін ойлаған қызметкер тым толық әйелге қызмет көрсетпей қойған

Рассказать Вконтакте

АҚШ-тағы Техас штатының тұрғыны Тина Льюис педикюр жасату үшін салонға барған. Алайда салон қызметкерлері клиенттің артық салмағына қарап, оған қызмет көрсетуден бас тартқан деп жазады Lenta.ru басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: lenta.ru

Фото: lenta.ru

Льюис барған Rose's Nails салонының маникюр жасайтын қызметшісі олардың ғимаратындағы орындықтың тым кішкентай екенін және ол бойжеткеннің салмағын көтермейтінін айтыпты.

Льюистің сөзінше, ол педикюрін әр екі апта сайын жаңалап отырады және мұндай қарым-қатынасқа тап болмаған.

Қызмет көрсетуден бас тартқан маникюрші өз әрекетін түсіндірді. Ол ешқандай дөрекілік танытқысы келмеген, тек салонның мүлкіне жаны ашыпты. Себебі бұған дейін салонға келушілердің бірі креслоны сындырған екен.

Әсемдік орталығының басшысы да қызметкерінің әрекетін құптаған. Қожайын салонындағы орындықтың қымбат тұратынын, егер сынып қалса оны әркез жөндете беруге шамасы келмейтінін айтқан.

Алайда Льюис бұны бәрібір өзін кемсіту деп санаған.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
1
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel