Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бейбіт Ыстыбаев әкесінің 60 жас мерейтойын Тараз төрінде дүркіретіп өткізді (фото)

Опубликовано:

"Қазақстан барысын" бірнеше мәрте жеңіп алған Бейбіт Ыстыбаев асқар тау әкесіне дүбірлетіп той жасап берді. Мерекелік кеште 600-дей адам қонақ болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Торқалы той Тараз қаласындағы мейрамханалардың бірінде өткен.

Ыстыбаев Абдрахман есімді әкесінің қуанышына 600-ге жуық қонақ шақырған.

Мерекелік кеште қазақ эстрадасының жұлдыздары Серікбол Сайлаубек, Еркін Нұржан, белгілі кәсіпкер Дос Мәлік, Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері Ақжүрек Таңатаров қонақ болған.

Сондай-ақ, дүбірлі тойда "Қазақстан барысына" қатысқан балуандардың басым бөлігі бой көрсеткен.

Ал Бейбіттің өзі болса желідегі парақшасында әкесі құттықтап, Жамбылдың жасын тілеп өлең жолдарын арнады.

"Жан әке құтты болсын 60 жасың, біз үшін ардақты ғой алтын басың. Немереден көріңіз шөберені, жыр алыбы Жамбылдың көріп жасын", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1815878-bejbit-ystybaev-kesini-60-zas-merejtojyn-taraz-trinde-drkiretip-tkizdi-foto/

pixel