RU
Мәжіліс депутаты атанған Нұрлан Әлімжанов қандай мәселелерді көтермек?
Жаңалықтар Қоғам

Мәжіліс депутаты атанған Нұрлан Әлімжанов қандай мәселелерді көтермек?

Рассказать Вконтакте

Жақында ғана парламент мәжілісінің депутаты атанған актер, әнші әрі сазгер Нұрлан Әлімжанов жаңа жұмыс орнында қандай мәселелерді көтеретінін айтты деп хабарлайды Zakon.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Актер-депутат ең алдымен мәжілісте әлеуметтік және мәдениет саласындағы мәселелерді көтеретінін жеткізді.

"Өзім актер болғандықтан, кино саласына қатысты мәселелер. Киноиндустриядағы заңдарға, оларды түзетуге қатысты. Эстрадалық музыка, қазіргі әртістер, олардың идеологиясы, беделі, цензурасы, бағдарламасы.
Мен әлеуметтік-мәдени блок мәселелерімен айналысатындықтан, менің жоспарларым қазіргі уақытта осындай. Содан кейін мен халық үшін өте маңызды тәрбие мәселесімен айналысқым келеді. Қазіргі уақытта менің ұстанымым осындай", - деді Әлімжанов.

Оның айтуынша, әлеуметтік-мәдени салада шешімін таппаған, назар аударарлық күрделі мәселелер бар.

"Иә, бұл бөлімде (киноиндустриясы) заң болған, біз оны зерттеп, түсінудеміз. Бірақ мен өзім актер болғандықтан, кино саласында көптеген сұрақтар, түрлі жағдайлар бар. Тәрбиелік жағынан. Уақыт өте келе, мен бәрін айтамын, қазір нақты жауап бере алмаймын", - деді депутат.

Осы орайда Әлімжанов кино саласындағы цензураға да пікір білдірді. Оның ойынша, өнерді нақты бір нәрсеге байлап қоюға болмайды.

"Өнерде нақты бір нәрсені ұстануға болмайды (ред. ескертпе цензура туралы). Өнерді нақты ештеңемен байланыстыруға болмайды. Бірақ егер бұл фильм тәрбие тұрғысынан біздің жастарымызды дұрыс емес бағытқа бұрса, халқымызға пайдалы болмайтын болса, біздің қыздарымызды жалаңаштауға мәжбүрлесе, әрине біз бұл түзетулерді енгізуіміз керек.

Мен өзім актер болғандықтан, қазір таңда картиналарға қатысты сұрақтарым көп. Сұрақтарым біздің сахнадағы кейбір әртістерге де бар. Заң жобасының авторларында да түсініксіз тұстар бар. Ондай сәттер өте көп. Қазір бәрін өзгерте аламын деп қатты айта алмаймын. Мен жаңа сайландым, бүгін ант қабылдадым. Сондықтан антта айтқанымдай, мен қазақ халқына қызмет етемін. Мен ойымдағының бәрін іске асыруға тырысамын", - деп атап өтті Нұрлан Әлімжанов.

Сіздің реакцияңыз
7
1
1
0
2
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel