RU

Депутаттық лауазым алған Нұрлан Әлімжанов енді киноға түсе ме?

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Жақында ғана мәжіліс депутаты атанған актер әрі әнші Нұрлан Әлімжанов Zakon.kz порталына берген сұхбатында жоспарларымен бөлісіп, көптің көкейіндегі енді киноға түсесіз бе деген сауалға жауап берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Депутаттың айтуынша, "Депутаттың құқықтық мәртебесі" туралы заңда көрсетілгендей, оның шығармашылығына еш кедергі жоқ. Егер жақсы ұсыныстар болып жатса, одан бас тартпайтынын жеткізді.

"Депутаттың құқықтық мәртебесі" заңы бойынша маған актер болып қалуға болады. Тыйым салынбаған. Енді мен үшін депутаттық жұмысым маңызды болғандықтан, уақытым болып жатса киноға да түсемін.
Бірінші - заң жобалары, екінші - фильмдер. Егер менің тобым дайындықты сәуір-мамыр айынан бастайтын болса, үлгере алсақ, жазда менің екі ай уақытым бар. Егер режиссерлар мені қатты түсіргілері келіп жатса, онда бір-екі айға киноға түсуге болады", - деп ағынан жарылды депутат.

Сондай-ақ, актер өзінің басқа да қырлары туралы сөз етіп, өнерін мемлекеттік қызметімен қоса алып жүретінін айтты.

"Мен өзім композитормын, оған да ешкім тыйым салмайды. Бос уақытымда ән жазып, оны халыққа ұсына аламын. Эстрада жұлдыздарына да жазамын. Бұл қасиетті маған Құдай берді, ол менің ішкі әлемім, оған да ешкім шектеу қоя алмайды", - деп атап өтті Әлімжанов.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Депутаттық лауазым алған Нұрлан Әлімжанов енді киноға түсе ме?
Mailfire view pixel