RU
Нұрлан Әлімжанов мәжілістің алғашқы отырысына неге келмей қалғанын айтты

Нұрлан Әлімжанов мәжілістің алғашқы отырысына неге келмей қалғанын айтты

Рассказать Вконтакте

Мәжілістің жаңа депутаты, Елбасының рөлін сомдаған актер Нұрлан Әлімжанов парламенттің алғашқы пленарлық отырысына келмеу себебін Zakon.kz сайтына берген сұхбатында түсіндірді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Ол кезде әлі мандат алмадым. Менің алдымда депутат Бақтияр Мәкен болды, ол алдымен өз мандатын тапсырды, содан кейін мен алдым. Бәрі заң бойынша. Мен 10 жылдан бері "Nur Otan" партиясындамын. Яғни, 2009 жылдан бері. Мені "Ағайындылар" фильмінен соң "Nur Otan-ға" шақырды. Сол кезде партия мүшесі атанғанмын", - деді Әлімжанов.

Сондай-ақ, актер бұған дейін Алматы қаласында тұрғанын, жаңа қызметіне байланыста Елордаға көшетінін жеткізді.

"Бұл екі жақты шешім. Мен осында көшіп келемін. Менің ата-анам Нұр-Сұлтанда тұрады. Өзім Алматыда да, астанада да тұрғанмын. Енді толыққанды Нұр-Сұлтанда тұратын боламын", - деп түйіндеді депутат.

Еске сала кетейік, 4-қыркүйекте жаңадан тағайындалған депутаттар Гүлшара Әбдіқалықова, Нұржан Әшімбетов және Жұлдыз Омарбекова мәжілістің бесінші сессиясының алғашқы отырысында ант берген еді. Ал Нұрлан Әлімжанов ант беруге келмеген болатын.

Сіздің реакцияңыз
9
0
1
0
1
1
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel