Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Белгісіз жігітпен құшақтасып суретке түскен Назима жұртты қызықтырып қойды (фото)

Опубликовано:

Ресейде “Песни” жобасына қатысып, жұлдызы жанған Назима Жәнібекованың әлеуметтік желіде белгісіз жігітпен құшақтасып түскен суреті тарады. Өнер иесінің тыңдармандары "әншінің сүйіктісі" бар деп болжаған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.

Назима жұрт талқысына түскен суретті Instagram желісіндегі парақшасында жариялап, "менің жүрегімді ал" деген жазба қалдырды.

Мұны көрген желі оқырмандарының пікірі екіге бөлінді.

Бірі Назиманың сүйіктісі пайда болғанын айтып, әртіске шынайы махаббат пен бақыт тілесе, екіншілері бұл әншінің кезекті бейнеклипінен кадр болуы мүмкін екенін жеткізді.

Олардың пікірінше, әннің атауы "менің жүрегімді ал" деп аталады.

Желі оқырмандарының арасында "Белгісіз жігіт Назиманың продюсері" деп жазғандар да табылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1815903-belgisiz-zigitpen-ksaktasyp-suretke-tsken-nazima-zrtty-kyzyktyryp-kojdy-foto/

pixel