RU
Өзбекстанда жас ана екі нәрестені перзентхана терезесінен лақтырып жіберген
Жаңалықтар Қоғам

Өзбекстанда жас ана екі нәрестені перзентхана терезесінен лақтырып жіберген

Рассказать Вконтакте

Өзбекстанның Наманган аудандық перзентханасы ауласында екі тірі нәресте табылды. Анықталғандай, оларды 1996 және 1997 жылғы екі ана 2 қыркүйек күні босанған деп хабарлайды Орталық Азия жаңалықтар қызметі.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Оқиға 9 қыркүйекке қараған түні орын алған.

Ауладан жаңа туған екі нәресте табылып, дереу жансақтау бөліміне жеткізілді. Алайда қос шақалақтың өмірін аман алып қалу мүмкін болмаған.

Өзбекстан бас прокуратурасының хабарлауынша, оқиға 9 қыркүйек күні шамамен түнгі сағат 03:30 болған. Д.Х. есімді әйел адам баласының аяғында кемістіктің барын байқап, одан осылайша құтылуға тырысқан.

Ол перзентхананың екінші қабатының терезесінен туған баласы мен палатада көрші жатқан М.Т. есімді әйелдің жаңа туған қызын лақтырып жіберген. Нәрестелер ауыр жарақат салдарынан жансақтау бөлімінде көз жұмған.

Бас прокуратураның мәліметінше, келіншек қылмыстың ізін жасыру үшін өзінің және онымен бірге бөтен біреудің баласын да терезеден лақтырып жіберген.

Аталмыш фактіге қатысты "Қасақана кісі өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Әйел адам 15-тен 25 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Басылымның мәліметінше, күдікті бұған дейін екі рет балалы болған алайда нәрестелер ауырып, ұзақ өмір сүрмеген.

Үшінші рет туған баласының да кемшілігі барын білген ана күйзеліске түсіп, осындай қадамға барған.

Сіздің реакцияңыз
0
0
6
13
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel