RU
"Татуласу болмайды": Еркінен тыс қыз алып қашқан жігіттерді қандай жаза күтіп тұр?
Жаңалықтар Қоғам

"Татуласу болмайды": Еркінен тыс қыз алып қашқан жігіттерді қандай жаза күтіп тұр?

Рассказать Вконтакте

Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов еркінен тыс қыз алып қашқандарға қатысты қандай жаза қолданылатынын айтты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Көрнекі фото: azattyq.org /Ұлан Асаналиев

Көрнекі фото: azattyq.org /Ұлан Асаналиев

Ахметжановтің сөзінше, қылмыстық кодекстке қыз алып қашуға қатысты бөлек бап жоқ екенін айтты.

Алайда адам ұрлау үшін жауапкершілік қарастырылған.

"Енді, ондай жағдайлар әртүрлі болады ғой. Егер қызды зорлап, алып қашып жатса, ол адам ұрлау қылмысы болып саналады. Осы қылмыс аса ауыр қылмыстар санатына жатады. Ондайда ешқандай татуласу болмайды. Енді, өмір болғасын, әртүрлі жағдай болады, адамның әрекетіне қарай құқықтық баға беріледі", - дейді бас прокурордың орынбасары

Айта кетейік, Қылмыстық кодекстің 125-бабына сәйкес, адамды ұрлағаны үшін төрт жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Ал осы қылмыс адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi күш қолданып, кәмелетке толмаған адамға немесе жүктi әйелге қатысты жасалса, кінәлі адамның мүлкі тәркіленеді.

Сонымен қатар, жетi жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады. 

Сондай-ақ, кодексте қылмыс жасамай ұрланған адамды өз еркiмен босатқан адам қылмыстық жауапкершіліктен босатылатыны айтылған.

Сіздің реакцияңыз
0
0
2
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel