Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда танымал тележүргізушінің көлігін тонап кетті (фото)

Опубликовано:

Белгісіз біреулер тележүргізуші Наталья Раймның көлігінің терезесін сындырып, салондағы мектеп сөмкесі мен азық-түлік салынған дорбаны алып кеткен. Бұл туралы ол өзінің Facebook парақшасында мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Натальяның сөзінше, ұрлық Алматыдағы Левитан және Розыбакиев көшелері аумағында, балаларымен кино көруге барған кезде болған.

"Біз қарадық, нәтижесі осы болды. Ұрлықшылар терезені сындырып, мектеп сөмкелерін қолды қылған.
Портфель ұрлайтындай Қазақстанда бәрі жаман ба? Сондай-ақ, азық-түлік дорбасын да алып кетті", - деп жазды тележүргізуші әлеуметтік желідегі жазбасында.

Наталья Райм оқиға орнын суреттейтін сурет жариялауды да ұмытпады. Ол құқық қорғау органдарына жүгінгенін де айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1815926-almatyda-tanymal-telezrgizusini-kligin-tonap-ketti-foto/

pixel