Выйти
RU

Назарбаев Байбекке бірқатар нақты тапсырма берді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Nur Otan" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдады деп хабарлайды Елбасының ресми сайты.

Бауыржан Байбек Тұңғыш Президенттің қабылдауында

Бауыржан Байбек Тұңғыш Президенттің қабылдауында

Кездесу барысында Тұңғыш президентке партия жұмысын жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру барысы жөнінде ақпарат ұсынылған.

Сонымен қатар, Елбасыға "Jas Otan" жастар қанатының қызметін жандандыру бойынша қабылданған шаралар туралы мәлімет берілген.

Сондай-ақ, Байбек Нұрсұлтан Назарбаевқа партияның қоғамдық қабылдауларының жедел әрекет ету және өңірлердегі азаматтардың өзекті мәселелерін шешу жөніндегі жұмыстары туралы баяндаған.

Кездесу соңында партия төрағасы бірқатар нақты тапсырма берді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Назарбаев Байбекке бірқатар нақты тапсырма берді