RU

Мемлекет басшысы қытай халқын мерейлі мерекемен құттықтады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Кэцянмен кездесті деп хабарлайды Ақорда.

иииии
Фото: Ақорда: UGC

Мемлекет басшысы ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьеріне қонақжайлылығы мен жылы қабылдауы үшін алғыс білдіріп, өзінің Қытайға Қазақстан президенті ретіндегі тұңғыш сапары ҚХР-ның құрылғанына 70 жыл толуына арналған мерейтоймен тұспа-тұс келгенін атап өтті.

Осы орайлы сәтте, Қасым-Жомарт Тоқаев Ли Кэцянды және достас қытай халқын мерейлі мерекемен құттықтады.

Қазақстан президенті екі ел арасындағы қарым-қатынас қарқынды дамып келе жатқанын, екіжақты әріптестік барысында сауда-экономикалық, көліктік-логистикалық әлеуетте көптеген нәтижелерге қол жеткенін айтты.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың дамуына оң баға берді.

Өз кезегінде Ли Кэцян Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚХР-ға сапары Қазақстан-Қытай байланыстарын одан әрі нығайтуға зор септігін тигізетінін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1815976-memleket-bassysy-kytaj-halkyn-merejli-merekemen-kttyktady.html