RU
Саңырауқұлақ терушілер екі апта іздеуде болған ер адамның мәйітін тауып алды
Жаңалықтар Қоғам

Саңырауқұлақ терушілер екі апта іздеуде болған ер адамның мәйітін тауып алды

Рассказать Вконтакте

Қостанай облысы Меңдіқара ауданындағы орман алқабынан 57 жастағы адамның мәйіті табылды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Саңыруқұлақ терушілер екі апта іздеуде болған ер адамның мәйітін тауып алды

Көрнекі фото: pixabay.com

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адам осы жылдың 29 тамызында жоғалып кеткен. Бұл туралы полицияға оның жұбайы хабар беріпті.

«Із-түссіз жоғалып кеткен 57 жастағы ер адамның денесі 8 қыркүйек күні Боровское ауылындағы орман алқабынан табылды. Мәйітті саңырауқұлақ жинаушылар байқап қалған», - деді ведомствоның баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.

Қазір осы дерек бойынша тергеу жұмыстары басталды. Сараптамалар тағайындалды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel