RU
Дәрігерлер 25 минут бойы жүрегі тоқтап қалған адамды қайта тірілтіп алды

Дәрігерлер 25 минут бойы жүрегі тоқтап қалған адамды қайта тірілтіп алды

Рассказать Вконтакте

Ресейдің Сахалинский облысында дәрігерлер жүрегі 25 минутқа тоқтап қалған науқасты құтқарып қалды деп жазады Life.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Науқасқа дәрігерлер жасаған реанимациялық көмектен басқа, жүрекке үздіксіз массаж жасауға мүмкіндік беретін жаңа жабдықтың көмегі тиген.

Автоматты құрылығлар облыстық клиникаға жақында ғана жеткізілген екен. Ақ халаттылар оның көмегімен 10 күннің ішінде үш нуқасты құтқарып қалған.

"Жүрек-қантамыр ауруы бар 56 жастағы науқастың жүрегі кенеттен тоқтап қалды. 25 минут реанимациялық шаралар өткіздік. Автоматты сыртқы кардиомассаждың көмегімен жүрек қызметі қалпына сәтті келтірілді. Қазір ер адам кардиология бөліміне ауыстырылды, ол әрі қарай ем алады", - дейді бөлім меңгеруішісі Андрей Науменко.

Кардиомассаж жаншудың жоғары жиілігін және кеуде қуысының қысып жабылу тереңдігін оңтайлы қамтамасыз етеді.

Технологияның адамнан басты артықшылығы - ол "шаршамайды". Сонымен қатар, құрылғы портативті және сөмкеге оңай сияды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel