RU
Бала секілді көрінетін 36 жастағы азамат көпшілікті таңырқатты

Бала секілді көрінетін 36 жастағы азамат көпшілікті таңырқатты

Рассказать Вконтакте

Түркиядағы "Бурсаспор" және "Фенербахче" футбол клубтарының арасындағы қайырымдылық кездесуде түсірілген видео әлеуметтік желіде тарап жатыр. Бейнежазбадағы темекі тартып отырған жасөспірімдер қоғамды дүр сілкіндірді деп жазады Life.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Twitter/objektifdegilim

Фото: Twitter/objektifdegilim

Кадрларда трибунада отырған екі баланың біреуі темекі шегіп отырғаны байқалады. Шамасы он жастардағы бала өзін үлкен адамдардай емін-еркін отыр. Бұл баланың әрекеті көрермендерді шошытып, олардың наразылығын тудырды. Матчқа жиналғандар кімнің баласы екенін анықтауға, ата-анасының қайда қарап отырғанын білуге тырысты.

Бірер минуттан соң-ақ бұл "тәртіпсіз" баланың кім екенін анықтады. Алайда жауабы көрермендерді екі есе таңғалдырып қойды.

Бала деп отырған бұл адам 36 жаста екен. Ол матчқа өзінің туған ұлын ерте келген көрінеді.

Дегенмен ол жауапкершіліктен қашып құтыла алмады. Түркияның заңы бойынша қоғамдық орындарда, оның ішінде стадиондарда шылым шегуге рұқсат етілмеген.

Сіздің реакцияңыз
2
2
0
0
0
5
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel