RU
Клипінде қыз болып киініп алған Нағима Есқалиеваның ұлы қызу талқыға түсті (видео)

Клипінде қыз болып киініп алған Нағима Есқалиеваның ұлы қызу талқыға түсті (видео)

Рассказать Вконтакте

Отандық танымал әртіс Нағима Есқалиеваның ұлы, әнші Диас Аблаев тағы да елді шулатты. Жас жігіт бейнебаянында қыз кейпінде шығып, елдің ашуын тудырған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Желі қолданушыларының наразылығына әншінің "Boom" атты әніне түсірілген клипі себеп болған. Көпшілік Диас Аблаевтың қыз болып киініп алғанына наразылығын білдірген.

Youtube желісінде жарияланған видео жағымсыз пікірлерге толы.

"Ер адам ер адам болып қалу керек. Хайп үшін мұндай деңгейге түсу өте ұят" , "Көптен күткен coming-out?" , "Масқара, қарауға да ұяласың" , "Ұят, айтарға сөзім жоқ" , - деп жазуда көпшілік.

Алайда, аталмыш бейнебаян көңілінен шыққан тыңдармандар да табылған.

"Үнемі креативті таңдайсың, жарайсың" , "Диас сен ерекшесің" , "Күлкіден өлдім" , "Мына клипті қарап, соңына дейін тоқтамай күлдім" , "Тамаша идея. Жақсы жұмыс" , "Тек қана алған" , деп жазды желідегілердің бірі тобы.

Сіздің реакцияңыз
6
0
0
0
1
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel