RU
Бір көргенен-ақ құрбандарына қатысты мәліметті жаттап алған жігіт 1300 адамды тонап кеткен

Бір көргенен-ақ құрбандарына қатысты мәліметті жаттап алған жігіт 1300 адамды тонап кеткен

Рассказать Вконтакте

Жапонияның Токио қаласында тек кинодан ғана көретін алаяқтық әрекет орын алды. Кассир жігіт сауда орталығына келген клиенттердің несие карталарынан білдіртпей ақша ұрлап отырған деп жазады Life.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: life.ru

Фото: life.ru

34 жастағы Юсуке Танигучи есімді кассир жігіттің есте сақтау қабілеті өте жоғары.

Ол көзімен көрген кез келген ақпаратты миына суретке түсіріп алады. Алайда ол ерекше қабілетін пайдалы іске емес, адамдарды тонау үшін қолданған.

Танигучи алдымен сауда орнына келген сатып алушының несие картасындағы барлық мәліметтерді, 16 саннан бастап, кодына дейін жаттап алған. Сөйтіп, оның бәрін блокнотқа жазып отырыпты. Жапондық жігіт алынған ақпаратпен интернетте онлайн сауда жасаған. Зат алып, оны ломбардқа өткізіп отырған.

Алайда Танигучидің әрекеті құны 270 мың иен тұратын (теңгемен 969 мың теңге шамасында) екі сөмкеге тапсырыс бергенде әшкере болған.

Барлық ақпарат жазылған блокнотты тауып алған полиция тауарды жеткізушімен бірге оның үйіне кіріп келген. Алаяқтың 1300 адамды алдағаны белгілі болды. Келтірілген шығын көлемі анықталып жатыр.

Сіздің реакцияңыз
1
3
1
0
0
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel