Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақшаны қосқым келді": Атышулы Say Mo Тиматимен неге келісе алмағанын айтты

Опубликовано:

Ресейлік "Песни" жобасы арқылы көпшілікке Say Mo лақап атымен танылған әнші ресейлік әнші Тимати басқарып отырған Black Star продюсерлік орталығының келісім шартынан неге бас тартқанын алғаш рет түсіндірді. Бұл туралы Gakku арнасындағы "Если честно" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Мөлдір Есембек Gakku арнасыне берген сұхбатында Black Star орталығына қатысты дау-дамай жайлы айтты.

"Жобада қалған алты адамға да келісімшарт ұсынды. Менен басқасының бәрі келісіп, өз продюсерлік орталығына өтті. Біріншіден, олар ұсынған шарттар менің көңілімнен шықпады. Меніңше, мұны барлығы жақсы біледі. Маған қаржылық та, шығармашылық тұрғысы да ұнамады. Бастапқыда, мен ойландым. Тіпті, бәрі қалауымдағыдай болса, құрамға өтемін деп ойлағанмын" , - деді әнші.

Say Mo айтуынша, Black Star құрамына өтпеуіне орталықтың бұрынғы әртістерімен болған жанжал да себеп болған. Аталмыш ұйымнан Кристина Си, Егор Крид пен L`one атты әншілердің айқаймен кетуі оны ойға салған.

"Маған он жылға келісім шарт ұсынды. Мені ақша жағы аса қызықтырмайды. Себебі, шығармашылық қайнап жатса, неге жұмыс істемеске? Алайда, мен жұмыс барысында бір жайтты байқадым. Қазақ тілін қосуды ұсындым. Бұл менің ең қарапайым қалауым еді. Қазақшаны да қосқым келді. Бірақ, Тиматиге менің ойым ұнамады. Ол менің жазғаным халыққа өтпей қалатынын жеткізді.

Бір әннің мәтіні үшін келспей қалдық. Оған үндемей отырып алдым. Ақыры, менің айтқанымды да, олардың жазып берген мәтінін бірге қосамыз деп шештік.

Шын мәнінде, мен жобаға белгілі бір продюсерлік орталыққа кіру үшін барған жоқпын. Мен танылғым келді. Оған қоса, жоба жеңімпазы алты миллион рубль иегері атанады" , - деп қорытындылады Say Mo.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1816035-kazaksany-koskym-keldi-atysuly-say-mo-timatimen-nege-kelise-almaganyn-ajtty/

pixel