Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ыстық көлдегі сұрапыл дауылдан бір адам жансақтау бөліміне түсті (фото)

Опубликовано:

Ыстық көлде тұрған дауыл зауыттың шатырын жұлып әкетті. Шатырдың сынықтарынан екі зауыт қызметкері зардап шеккен деп хабарлайды Sputnik Қырғызстанға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: sputnik.kg
Фото: sputnik.kg: UGC

Дауылды жел 11-қыркүйек түнінде басталған. Қолайсыз ауа райы ең ауыр зардабын Қаракөл қаласына тигізді.

Құйын жел электр бағаналарын құлатып, ғимараттардың шатырын ұшырып әкеткен.

Алдын-ала болжам бойынша, апат шығын 55 миллион теңге (10 млн сом) болды.

Фото: sputnik.kg
Фото: sputnik.kg: UGC

Қатты желдің кесірінен зауыттың екі жұмысшысы жарақат алған. Ұшып кеткен шатырдың қалдықтар қызметкерлерге құлаған. Бір зардап шегуіші медициналық көмек алып, үйіне жіберілсе, екінші жәбірленуші жансақтау бөлімінде жатыр.

Ол әлі есін жимаған. Бейресми мәліметтерге сүйенсек, оған бас миының гематомасы диагнозы қойылған.

Фото: sputnik.kg
Фото: sputnik.kg: UGC

Ресми ақпаратқа сай, желдің жылдамдығы секундына 25 метрге жеткен.

Басылымның хабарлауынша, апаттың нәтижесінде 47 үй мен 19 шаруашылық, жылыжай мен кірпіш зауытына залал келген.

Ғимараттарды қайта қалпына келтіру мәселесі қаралып жатыр.

Фото: sputnik.kg
Фото: sputnik.kg): Facebook

Фото: sputnik.kg
Фото: sputnik.kg: Facebook

Фото: sputnik.kg
Фото: sputnik.kg: Facebook

Фото: sputnik.kg
Фото: sputnik.kg: Facebook

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1816056-ystyk-kldegi-srapyl-dauyldan-bir-adam-zansaktau-blimine-tsti-foto/

pixel