RU
"Айына 150 мың теңге": Нұр-Сұлтанда бір бөлмелі пәтерді қаншаға жалдауға болады?
Жаңалықтар Қоғам

"Айына 150 мың теңге": Нұр-Сұлтанда бір бөлмелі пәтерді қаншаға жалдауға болады?

Рассказать Вконтакте

Елордада жаз аяқталып, күз келгелі бері пәтерді жалға алу мен жалға беру науқаны қыза түседі. Білім ордасының жатақханасынан орын таппаған студенттер пәтер іздеп сандалса, жазғы демалыстан келген жас отбасылар жұмысқа жақын пәтер іздеп сенделеді. Нұр-Сұлтанда қаланың қай бөлігінде пәтерді арзанға жалдауға болады? Оның айлық төлемақысы қаншаға шығады? KAZ.NUR.KZ тілшісі аталған сауалдарды мүлік агенттігі маманына қойып көрді.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Риэлторлардың сөзінше, қаланың оң жағалауы мен шаһар шетіндегі аудандарда пәтерді жалға алу бағасы әлдеқайда арзан екен.

"Соңғы бес жылда пәтерді жалға алу бағасы негізі аз да болсын арзандады. Себебі елордада не көп, пәтер көп. Студенттер де, жас отбасылар да өз қалталарына қарай, қаланың кез келген бөлігінен пәтерлерді жалға ала алады.

Мысалы елорданың оң жақ жағалауында бір бөлмелі пәтерді 80-100 мың теңге аралығында таба аласыз. Мұндай пәтерлер әдетте 80-жылдары салынған кеңес заманындағы үйлерде немесе "хрущевкаларда" табылады.

Негізі дәл осы пәтерлер сапасы мен қыста жылылығы жөнінен жаңа салынған үйлерден әлдеқайда жақсы болады. Ал қала шетіндегі "Лесная поляна", "Көктал" сияқты аудандарда 60-80 мың теңге аралығында бір бөлмелі пәтерді жалға алуға болады", - дейді риэлтор.

Ал жалға алу бағасының қымбаттығы жөнінен қаланың сол жағалауындағы пәтерлер мен оң жағалаудағы жаңа аудандардың пәтері көш бастап тұр екен.

"Сол жағалауда мысалы "ЭКСПО" көрмесі ауданында бір бөлмелі пәтерлерді жалға алу бағасы 120-150 мың теңге, кейде тіпті одан да асып түсіп жатады.

Бәрі пәтердің тұрған ауданы мен ішіндегі ремонты, оның жиһазбен, тұрмыстық техникамен жабдықталуына байланысты. Сосын айлық жалдау құны қымбат тұрғын-үйлердің қатарында "Highvill" тұрғын-үй кешені бар. Ондағы пәтерлерді көбінесе шетелдіктер жалдайды", - дейді маман.

Сіздің реакцияңыз
0
0
4
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel