Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ринат Зайытов жаңа партия құру туралы ойымен бөлісті

Опубликовано:

Осыған дейін ел алдында партия ашатынын мәлімдеген Ринат Зайытов жоспарының қалай жүзеге асып жатқанын айтты деп хабарлайды Жас Алаш басылымы.

Айтыскер ақын басылым тілшісінің сұрағына қысқаша жауап қайырды.

"Мен қазір сізге партия ашу туралы жоспарларымды айтып бере алмаймын. Себебі, жоспарымызбен бөліссек алдағы мақсаттардың орындалуына кедергілер көбейіп кетеді. Сондықтан, онымен бөлісу өзім үшін дұрыс емес деп санаймын. Ренжімеңіздер.
Ешқандай да толыққанды ақпаратты әзірге бере алмаймын. Жалпы, ондай ақпараттарды баспасөзге айтып беру түгілі кішігірім ортада айтуға болмайды. Оның басқаша тарап кететініне көзім жетті", - деді Ринат Зайытов.

Сондай-ақ, қоғам белсендісі алдағы уақыттарда айтысқа шақырса, міндетті түрде қатысатынын білдірді.

Айта кетейік, 2019 жылдың 10 маусымында Риант Зайытов саяси партия ашатынын мәлімдеген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1816100-rinat-zajytov-zaa-partia-kru-turaly-ojymen-blisti/

pixel