Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда түрлі жарақат алған үш жасар қыз бала ауруханада көз жұмды

Опубликовано:

Нұр-Сұлтан қаласында ауруханаға түрлі жарақатпен түскен үш жасар бүлдіршін көз жұмды. Ішкі істер министрлігінде қыз баланың жағдайы нашар жанұяда өмір сүргенін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram
"Осы жылдың 8 маусым күні Нұр-Сұлтан қалалық ауруханасына түрлі жарақаты бар үш жасар қыз бала түсті. Нәтижесінде, ол көз жұмды. Анықталғандай, бала жағдайы нашар отбасыда өмір сүрген. Анасы бас бостандығы шектелген сотталушы ретінде полицияда тіркеуде тұрса, өгей әкесі бұрын істі болған", - дейді Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1816112-nr-sltanda-trli-zarakat-algan-s-zasar-kyz-bala-auruhanada-kz-zmdy/

pixel