Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда балалы әйелге тал түсте көшенің ортасында шабуыл жасалды (фото)

Опубликовано:

Алматы қаласының қарбалас ауданында күндіз кішкентай баласы бар әйел тоналды. Ер адам жәбірленушінің мойнынан алтын алқасын үзіп алып кетті деп хабарлайды KAZ. NUR.KZ.

Видеодан кадр: kris.p.almaty/Instagram
Видеодан кадр: kris.p.almaty/Instagram: Getty Images

Оқиға орнын бейнелейтін видео Instagram желісіндегі kris.p.almaty тобында жарияланды. Ролик жазбасында кеше 15.20-да Саяхат аумағында баласымен жүрген әйел адамға қарақшының шабуыл жасағаны айтылған.

Кадрдан ер азаматтың әйел адамның артынан келіп, алқасын жұлып алғанын байқауға болады. Ал өз кезегінде жәбірленуші шабуылдашуға қарсылық танытады.

Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл фактіні растады.

"Бұл қылмыс туралы хабарлама 15:40-та кезекші пультіне түсті. Жәбірленген әйелдің айтуынша, қылмыскер оның мойнындағы алтын алқаны алып кеткен. Жедел түрде оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері маңайды тінтіп шықты. Күдіктінің сырт белгілері партуль қызметтеріне таратылды.
Жетісу аудандық полициясы арнайы жедел-тергеу тобын құрды. Қазір бірнеше камерадағы видео іс материалдарына тіркелді. Күдіктінің кім екендігі анықталып жатыр. Бұл дерек қылмыстық кодекстің 191 бабымен тергеу ісі тізіліміне тіркелді", - деді ведомство.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1816130-almatyda-balaly-jelge-tal-tste-kseni-ortasynda-sabuyl-zasaldy-foto/

pixel