RU

"14 ер адам зорлады" деп арызданған жәбірленушінің өзі айыпталуда

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Арқалық қаласындағы қыз зорлау оқиғасы бойынша тергеу жұмыстары жалғасып жатыр. Алайда, оқиға куәгерлерінің ата-аналары "жәбір көрдім" деген қызға қарсы шағым түсірмек деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Бүгін осы іске қатысты азаматтардың ата-аналары облыстық полиция департаменті ғимаратына келген. Күдіктілердің адвокаты Бектас Әміровтың сөзінше, 14 айыпталушының 13-і ДНК сараптамасын жасатқан, алайда нәтиже теріс шыққан.

Заңгер 2оның қорғалушыларының үстінен заңсыз, ешбір айғақсыз іс қозғалғанын айтты.

"Мен бастапқыдағы 14 күдіктінің 13-нің қорғаушысымын. ДНҚ сараптамасы теріске шыққан соң олар оқиға куәгері ретінде танылып отыр. Осы айдың аяғы немесе келесі айдың басында тағы бір сараптама қорытындысы келеді", - деді Әміров.

Оның айтуынша, қыздың өзі баланың әкесі кім екенін көрсетуі керек. Құқық қорғау орындары да сол кезде зорлаудың болған-болмағанын анықтайды.

Сондай-ақ адвокат, ДНҚ сараптамасының нәтижесі шықса да өзінің қорғалушыларын тергеуге әлі шақырып жатқанын айтты.

"Заң бойынша сараптама қорытындысы теріске шықса, іс тоқтатылады. Өзім қорғап жүрген азаматтарға Бас Прокуратураға, ІІМ-не жәбірленуші тарапқа қарсы жала жапқаны үшін ҚР ҚК 129-бабына сүйеніп, шағым жазыңдар деп отырмын. Расымен де, жігіттерді жазықсыз, текке қудалады", - деді қорғаушы.
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"14 ер адам зорлады" деп арызданған жәбірленушінің өзі айыпталуда
Mailfire view pixel