Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматылық көпбалалы ана шулы бағдарламаға қатысып, "таяқ жеп" қалды

Опубликовано:

YouTube желісіндегі "Шапалақ шоу" бағдарламасына алматылық көпбалалы ана қатысып, сұраққа жауап бере алмаған соң бетіне шапалақ тидідеп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: UGC

Желіде танымал болып үлгерген "Шапалақ шоудың" шарты бойынша, қатысушы 5 сұраққа дұрыс жауап беру керек. Әрбір жауаптың құны мың теңге.

Ал сұраққа дұрыс жауап бере алмаған қатысушы шапалақ "жейді".

Соңғы шығарылымның біріне көпбалалы ана қатысып, бес сұрақтың төртеуіне мүдірмей жауап беріп, "Құрманғазыдан бата алған кім?" деген сауалда іркіліп қалды.

Жауап бере алмаған келіншектің бетіне бір шапалақ тигенімен, 4 мың теңгені ұтып алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1816145-almatylyk-kpbalaly-ana-suly-bagdarlamaga-katysyp-taak-zep-kaldy/

pixel