RU
"Блондинка": Образын өзгерткен Зарина Омарованы жұрт танымай қалды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Блондинка": Образын өзгерткен Зарина Омарованы жұрт танымай қалды

Рассказать Вконтакте

Отандық эстрада өкілі Зарина Омарова стиліне өзгеріс енгізіп, қоңыр шашын сары түске бояп тастады. Оған қоса, әншінің ұзын шашы енді карэ болып қалған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бір мезетте қолаң шашты арудан қысқа әрі сары шашты бикешке айналған Омарованың өзгерісі көптің көңілінен шықпады. Ол жаңа образымен түскен суретті Instagram желісінде жариялаған.

"Бүгінгі образ 90 жылдарды еске түсірді. Әрине сіздерге ұнайды деп ойлаймын! Кейде өмір мен өнер өзгеруді талап етеді" , - деген жазба қалдырды ол.

Желідегілер өнер иесінің жаңа образын қызу талқылап, оған қатысты пікірін білдіріп жатты.

"Шын айтса танымай қалдым сізді" , "Зарина бұрынғы образына жетпейді ғой. Қазақтың хас сұлуы едің" , "Жастарың жеткенде осындайды көрсетіп не болған бәріне" , "Маған ұнамайды. Жараспай тұр, бұрынғы стилініз жақсы еді" , "Танымай қалдым, тек даусыңызды естігенде түсіндім сіз екеніңізді" , - деп жазуда оқырмандар.

Сіздің реакцияңыз
11
2
1
0
3
10
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel