RU

Желіде Тоқаевтың қытай тілінде берген сұхбаты пайда болды (видео)

Желіде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайдың жетекші телеарнасына берген сұхбатынан үзінді пайда болды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

ааааа
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: NUR.KZ/архив: Original

Видеороликте Қазақстан президенті CCTV арнасының жүргізушісіне қытай тілінде сұхбат берді. Мемлекет басшысы өзінің шет тілін өте жақсы білетіндігін көрсетті.

Естеріңізге сала кетсек, Қасым-Жомарт Тоқаев - полиглот. Президент бірнеше тілді, соның ішінде қытай тілін де еркін меңгерген.

Айта кетерлігі, бұл күндері Қазақстан президенті Қытайда мемлекеттік сапармен жүр.

Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар кездесулер өткізіп үлгерді, оның ішінде ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөздер жүргізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1816153-zelide-tokaevty-kytaj-tilinde-bergen-shbaty-pajda-boldy-video.html