Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Абай Бегейдің қызы ұлының бір жасқа толуын дүркіретіп атап өтті (фото, видео)

Опубликовано:

Әнші Абай Бегейдің қызы Ерке Ниязқұлова ұлы Ханның бір жасар туған күнін дүркіретіп атап өтті. Тұңғышының туған күнін ерекше етіп өткізген ол, тойдың қызықты видеоларымен өзінің Instagram парақшасында бөліскен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Тұңғышының алғашқы жасына танымал әншінің қызы Ерке Ниязқұлова айрықша дайындалған.

Ол ұлы Ханды көпшілік алдына хан тағындай тақпен алып шыққан.

Сондай-ақ, арнайы аниматорларды әкеліп, түрлі сахналық қойылымдар ұйымдастырған.

Желі қолданушылары әншінің қызының анасы мен енесіне арнаған жүрекжарды бейнебаянына тәнті болған.

Одан қос анасына арнайы жыр шумақтарын арнағанын көруге болады.

Әншінің қызы ұлының туған күніне қатысты:

"Аллаға шүкір. Ханюшаның 1 жас тойы, Әділханның міндет тойы өте жоғары деңгейде өтті! Тойдың өтуіне атсалысқан достарымызға, сыйлап келген қонақтарға үлкен алғыс!..", - деген жазба қалдырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1816169-abaj-begejdi-kyzy-lyny-bir-zaska-toluyn-atap-tti-foto-video/

pixel