Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Асханадағы жұмысшылар арасындағы жаппай төбелес желіде тарады (видео)

Опубликовано:

Желіде асханадағы жұмысшылардың жаппай төбелескені туралы видео таралуда. Ролик авторлары бұл оқиға Маңғыстаудағы кәсіпорындардың бірінде болған деп болжайды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр
Видеодан кадр: Instagram

Кадрдан сары жұмыс формасын киген ондаған қызметкер асханада төбелесті бастағанын байқауға болады.

Ер азаматтар қақтығысу кезінде жұдырық пен орындықтарды пайдаланған.

Видео авторлары бұл жанжал Маңғыстау облысындағы "Маңғыстаумұнайгаз" қызметкерлері арасында болуы мүмкін екенін жеткізді.

Ал компания бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Zakon.kz порталының мәліметінше, "Маңғыстаумұнайгаздың" баспасөз қызметі видеоның оларға ешқандай қатысы жоқ екенін атап өткен.

"Біріншіден, бізде бұндай жұмысшылар көп емес, екіншіден, біздің асхана дәл осылай жабдықталмаған", - деді компания.

Белгілі болғандай, видео Ресейдегі Амур газ өңдеу зауытында түсірілген.

Amur.info-ның хабарлауынша, жұмысшылар арасында түсінбеушілік орын алып, нәтижесінде жаппай төбелес туындаған.

Қазіргі уақытта бұл мәселемен құзырлы органдар айналысуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1816173-ashanadagy-zmyssylar-arasyndagy-zappaj-tbeles-zelide-tarady-video/

pixel