RU
Танымал актрисамен кездестім деген әкесін елемеген ару өз көзіне өзі сенбеді
Жаңалықтар Калейдоскоп

Танымал актрисамен кездестім деген әкесін елемеген ару өз көзіне өзі сенбеді

Рассказать Вконтакте

Twitter желісінің қолданушысы әкесінің оған отыз жыл бұрын демалыстардың бірінде танымал актриса Сальма Хайекпен бірге уақыт өткізгенін айтқанын сөз етті. Бойжеткен әкесінің сөздерін тек әзіл деп білген. Алайда күндердің бір күнінде әкесі мен актрисаның бірге түскен суретін тауып алған ол абдырап қалған деп хабарлайды life.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Әкем өмір бойы демалыстардың бірінде Сальмак Хайекпен кездескенін айтып жүретін. Мен оған ешқашан сенбегенмін, бірақ бір күні ол маған онымен және менің барлық әпкелеріммен түскен суретін жіберді", - деп жазды ару.

Бойжеткеннің сөзінше, суретте оның әкесі мен тәтелері Сальмамен бірге бейнеленген.

Желі қолданушылары арудың осы суреттен кейін сұрақтары көбеюі керек еді деген пікірде. Олар әкесі мен Сальманы не абйланыстырғанын сұрауды өтінді.

"Бұдан сәл көбірек ақпараттың болғанын қалаймын. Жай ғана бірге демалған ба?", "Сенің әкең - нағыз аңыз адам. Сальма сенің анаң деп үміттенемін!",- деп жазды олар.

Бойжеткеннің сөзінше, әкесі мен актрисаның арасында сезім болғанға ұқсайды.

"Ол онымен бірге қол ұстасып жағажайда жүргенін айтты. Оның айтқан сөздеріне қаншалықты сенуге болатынын білмеймін. Есесіне барлығын суреттегі әпкелерімнен сұрай аламын", -деп жазды ару.
Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
0
6
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel