Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанай облысында танымал журналистің денесі үйінен табылды

Опубликовано:

Рудныйдан шыққан танымал журналист Сергей Петренконың денесі бүгін, 12 қыркүйек күні пәтерінен табылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Сергей Петренко, фото: top-news.kz
Сергей Петренко, фото: top-news.kz: Getty Images

Қостанай обылысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, полицияға баласымен байланысқа шыға алмаған журналистің анасы жүгінген.

Қызметкерлер оның тұрғылықты жеріне барып, пәтердің ішінен құлыпталғанын анықтапты. Құлыпты сындырып, үйге кірген қызметкерлер 42 жастағы Сергей Петренконың денесін ас бөлмесінен тауып алған.

"Қазіргі уақытта іс СДТБТ-да тіркелген, бірақ қандай бап бойынша екені сот-медициналық сараптамадан кейін анықталады. Әзірге тек зорлықпен өлтірілгенін айғақтайтын бірде бір із анықталмағанын ғана айтуға болады", - деп түсіндірді облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Елена Кашарина.

Сергей Петренконың әріптестерінің хабарлауынша, әзірге жүректің тоқтауы өлімнің болжамды себебі болып отыр.

Сергей Петренко 1977 жылы 9 қаңтар күніи Рудныйда дүниеге келген. Мектепті тәмамдағаннан кейін геологиялық барлау, "Соколовская" шахтасында жұмыс істеді, "Рудненский рабочий" қалалық ең көне газеттерінің бірінде тілші болып қызмет етті.

Оның алғашқы жазбасы 1997 жылы "Магнетит" газетінде пайда болды. Содан кейін қалалық және облыстық газеттерде, "Золотой век" (Қостанай), "Нива" (Астана), "Уральская новь" (Челябинск) журналдарында жарияланды.

Соңғы уақытта "Хорошее Дело" басылымында жұмыс істеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1816212-kostanaj-oblysynda-tanymal-zurnalisti-denesi-jinen-tabyldy/

pixel