RU
Ақтөбе облысында Қытайға дейін cозылатын су құбыры салынатыны рас па?

Ақтөбе облысында Қытайға дейін cозылатын су құбыры салынатыны рас па?

Рассказать Вконтакте

Ақтөбе облысының әкімдігінде әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тараған хабарламаға қатысты пікір айтылды. Белгісіз біреулер "қытай су құбыры" салынатыны туралы ақпарат таратқан деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Желіде CNPС компаниясы Көкжиде жер асты сулары кен орнынан, Темір ауданы аумағында Қытайға дейін су құбырын салуды көздеп отыр деп хабарланғаны атап өтілді.

Әкімдікте ақпараттың жалған екені айтылды.

"Аталған ақпарат шындыққа жанаспайды, мұндай жобаны іске асыру мүмкін емес және жоспарланып отырған жоқ", - делінген Facebook-тегі әкімдіктің жазбасында.

Сондай-ақ, әкімдікте облыстағы жағдайды тұрақсыздандыру мақсатында осындай ақпарат таратылатынын сөз етті.

Сонымен қатар, жалған ақпарат таратудың жауапкершілігі туралы еске салды.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
2
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel