Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкенттік экс-шенеунік лауазымды қызметке тағайындалды

Опубликовано:

Шымкенттің бұрынғы бас идеологы жаңа қызметке тағайындалды. Мұрат Базарқұлов енді Түркістан қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарады деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Шымкенттік экс-шенеунік лауазымды қызметке тағайындалды
Фото: Түркістан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі: Facebook

Мұрат Серікбайұлы 1980 жылы дүниеге келген. Жоғары білімді.

2001 жылы Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін "Саясаттану", 2015 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша бітірген. 

Еңбек жолын 2002 жылы ОҚО ақпарат және қоғамдық келісім басқармасында маман болып бастаған. Кейін бөлім басшысы болды.

Мұрат Базақұлов қызметтік карьерасында ОҚО тілдерді дамыту басқармасында бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары, Шымкент қалалық мәдениет және тілдерді дамыту, білім, ішкі саясат басқармаларында басшылық лауазымды атқарған.

Ал жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Шымкент әкімінің кеңесшісі болды.

Айта кетейік, Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов та бұған дейін Шымкент қаласы әкімдігінде еңбек еткен. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1816226-symkenttik-eks-seneunik-lauazymdy-kyzmetke-tagajyndaldy/

pixel