RU
Нұр-Сұлтандағы үш жасар қыздың өліміне өгей әкесі кінәлі болуы мүмкін

Нұр-Сұлтандағы үш жасар қыздың өліміне өгей әкесі кінәлі болуы мүмкін

Рассказать Вконтакте

Аруханада ауыр халде көз жұмған 3 жасар елордалық қыздың өліміне өгей әкесі кінәлі болуы мүмкін. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Астана арнасы хабарлайды.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Балақай жағдайы төмен отбасында дүниеге келген. Қыздың анасы полиция департаментінде есепте тұрса, өгей әкесі бұрын істі болыпты.

Кішкентай қыз әртүрлі деңгейдегі ауыр жарақатқа шыдамай, ауруханада жан тәсілім етті.

Қазіргі уақытта осы қылмысқа қатысты сараптамалар әзірленіп жатыр. Тергеу нәтижесі ағымдағы айдың соңына дейін сотқа жолданады.

Полицейлер қазіргі уақытта істің мән-жайын ашып айтпай отыр. 

"Бұл факт бойынша ҚР қылмыстық кодексінің 106 бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Егер қылмысы дәлелденсе, 8-12 жыл аралығында бас бостандығынан айрылуы мүмкін", - дейді Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілі Эльмира Шауленова.

2019 жылдың 8 айында кәмелетке толмағандарға күш көрсету фактісі бойынша 600-ге жуық іс тіркелген.

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаевтың сөзінше, қылмыстың бұл түрін көбінесе жәбірленушінің өз жақындары жасайды екен.

Бүгінде мыңнан аса педофил мен 3 мыңға жуық зорлық-зомбылық әрекетін көрсетуші түзету мекемелеріне тоғытылған.

"Өкінішке орай елде кәмелет жасқа толмағандарға зорлық-зомбылық көрсету деңгейі артып отыр. Мұндай әрбір екінші қылмыс пәтер мен жатақханаларда жасалады. Күш көрсету мен зорлаудың алдын алу мақсатында прафилактикалық жұмыстарды жандандыра түсу керек", - деді ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев.

Дереккөз: Астана арнасы

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel