Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БАҚ Зейнетақы қорындағы миллиардтар қайда кетуі мүмкін екенін анықтады

Опубликовано:

БЖЗҚ салымшыларының ақшаларын жоғалтқан «Имсталькон» АҚ-тың атышулы ісіне қатысты тергеу екі жылға созылды. "Время" газеті миллиардтаған сомалар қайда кетуі мүмкіндігіне жорамал жасап, журналистік зерттеу жүргізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Басылымның мәліметінше, 2017 жылдың тамыз айында БЖЗҚ прокуратураға 3,8 млрд теңге қарызын қайтармаған құрылыс компанияның басшыларын қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы шағым айтқан. Бұл іспен айналысу эконмикалық тергеу қызметіне жүктелген.

Тергеудің созылғаны соншалықты бұл істің қашан бітетініні парламенттегілерді де қызықытырып, олар Қаржы министрлігіне депутаттық сауал жолдады.

Сауалға вице-министр Қанат Баеділов жауап беріп, "Имсталькон" ісі бойынша тергеу аяқталғанын жеткізді.

Хатта көрсетілгендей, күдікті ретінде бұрынғы бас директор Владимир Кананыхин, директорлар кеңесінің төрағасы Серік Есмұқанов және қаржы-эконмикалық қызметтің жетекшісі Ирина Ковчегова танылған.

Үшеуі 2,9 млрд теңгені жымқырды деп айыпталуда.

Газеттің айтуынша, Кочегованың атына жеке пәтер мен көлік тұрағы тіркелген. Ал, екі ірі акционердің меншігінде айтарлықтай дүние жоқ.

Министрдің орынбасары тергеуші Ерлан Тәжібаев компанияның қазіргі басшысы Михаил Резуновтың тарапынан жымқыру әрекетіне анықтамағандықтан, ол іске куәгер ретінде тартылғанын айтты.

Ал, "Время" газетінде компанияның қазіргі бас директордың осы іске қатыстылығын көрсететін құжаттар бар болып шықты.

Басылым ақша жоғалған кезеңдегі «Имсталькон» АҚ төлем тапсырмаларын тіркеу тізімінің көшірмелерінде ақшаның қайдан түскенін белгісіз тұлға тіркегенін жазады.

Атап айтқанда, "Ұлар Үміттен" - 1,35 млрд теңге, "Аманат Қазақстаннан" - 237 млн, "БТА Қазақстаннан" - 812 млн теңге және тағыда басқа. Тіркеу құжатында осы ақшаның қайда кеткені де көрсетілген - жалақы, салықтар, іссапарлар, ұялы байланыс қызметі, құрылыс материалдарын сатып алу және т.б.

Журналист бұл сандарды қосып, шығынның жалпы көлемі - 2,5 млрд теңгені есептеген. Осылайша автор ақшаның қайда кеткеніне жауап табылды деген қорытындыға келген.

Басылым тағы бір маңызды жайтқа мән берген. Әр тізілім сайын бас есепшінің қолымен қатар, графта "Аударуға рұқсат етілді" делінген тағы бір адамның қолы тұр.

БАҚ бұл жұмбақ қол қоюшы кім болуы мүмкін деген сұрақтың жауабын компанияның ресми құжаттарын көруге болатын Қазақстан қор биржасының сайтынан тапқан.

Құжаттардың көшірмесі time.kz сайтынан алынды
Құжаттардың көшірмесі time.kz сайтынан алынды: Facebook
"Төлем тапсырыстарының тізіліміндегі қойылған қол .... қазіргі бас директор Михаил Резуновтың қолына қатты ұқсайды! Тергеу барысында БЖЗҚ-ның ақшасын ұрлауға қатысы жоқ деп танылған адамның қолы!", - деді мақаланың авторы.

Газет егер құжаттарды алу қандай да бір себептермен оның құзіретінде болмаса, тергеушіге құжаттардың көшірмелерін беруге дайын екенін айтады.

"Издательство Время" ЖШС рұқсатымен ғана осы ақпаратты пайдаланып және көшіруге болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1816302-bak-zejnetaky-koryndagy-milliardtardy-kajda-ketui-mmkin-ekenin-anyktady/

pixel