Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айгүл Иманбаева мен Сәбит Әбдіхалықовтың ұлы туралы не білеміз?

Опубликовано:

Айгүл Иманбаева мен Сәбит Әбдіхалықовтың бұрынғы ерлі-зайыптылар екені және олардың жұлдызды өмірі көпшілікке мәлім. Алайда, бұрынғы жұбайлардың ортақ ұлы Асылжан туралы бірі білсе, бірі біле бермейді. Отандық өнер иелерінің перзенті жайлы қызықты деректерді біздің материалдан оқи аласыздар деп жазады KAZ.NUR.KZ.

22 жастағы Асылжан Әбдімүтәлиев - танымал жұлдыздар Айгүл Иманбаева мен Сәбит Әбдіхалықовтың ұлы.

Жас жігіт ата-анасының ажырасып кеткеніне қарамастан, әкесімен жақсы қарым-қатынас сақтап қала алған.

Оған қоса, ол Әбдіхалықовтың екінші некесінде туған қыздарымен ағасы ретінде араласып тұрады.

Өнер адамдарының перзенті ата-ана жолын қуып, өнер академиясында білімін жалғастырып жатыр.

Асылжан режиссер мамандығын меңгеріп жүр.

Айта кетерлігі, ол қазіргі таңда әншілерге бейнебаян түсірумен айналыса бастаған.

Жас жігіт ақырындап тәжірибе жинап, болашақта танымал әрі беделді режиссерлар қатарына қосылуды қалайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1816322-ajgl-imanbaeva-men-sbit-bdihalykovty-ly-turaly-ne-bilemiz/

pixel