Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Месси Роналдудың бірге түскі ас ішу туралы ұсынысына жауап берді

Опубликовано:

"Барселонаның" шабуылшысы Лионель Месси "Ювентус" клубының ойыншысы Криштиану Роналдудың бірге ас ішу туралы ұсынысын қабылдайтынын айтты деп жазады Sport.es сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: 9sportpro.com
Фото: 9sportpro.com: Facebook

Роналду басты қарсыласы Мессиді Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің жеребе тастау рәсімінен соң түскі асқа шақырған болатын.

"Месси менің арқамда, мен оның арқасында дамимын. Біздің кәсіби тұрғыдағы қарым-қатынасымыз өте жақсы. Себебі, екеуміз де бірдей сәттерді 15 жыл бойы басымыздан өткеріп келеміз. Мен онымен ешқашан түстеніп көрмеппін. Неге бұл идеяны болашақта іске асырмасқа?" , - деген болатын Роналду.

Әріптесінің сөзіне жауап берген Месси португалиялықтың ұсынысын қабылдауға дайын екенін мәлімдеді.

"Әрине, ешқандай мәселе жоқ. Арамызда араздық жоқ екенін үнемі айтамын. Біз бір командада ешқашан ойнамағандықтан дос емеспіз. Бірақ мен оны үнемі марапаттау рәсімдерінде көремін, біздің арамызда ешқандай мәселе жоқ. Соңғы салтантты шарада біз ұзақ сөйлестік.
Жолымыз қашан түйісетінін білмегендіктен, бірге ас ішу болады ма, жоқ па, айта алмаймын. Әркімнің өз өмірі мен өз міндеттеріміз бар. Бірақ мен ұсынысты қабылдайтыным нақты", - деді аргентиналық футболшы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1816340-messi-ronaldudy-birge-tski-as-isu-turaly-synysyna-zauap-berdi/

pixel