RU
Алып жігітке бойы жетпеген Асылхан Төлепов жұртты күлкіге қарық қылды (видео)

Алып жігітке бойы жетпеген Асылхан Төлепов жұртты күлкіге қарық қылды (видео)

Рассказать Вконтакте

Желіде отандық танымал актер Асылхан Төлеповтың қызықты видеосы тарап кетті. Бейнежазбада өнер иесінің алып жігітке бойы жетпей қалғанын көруге болады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көпшілікті күлкіге қарық қылған видеоны актердің өзі Instagram парақшасында жариялаған.

Төлепов жүктеген бейнежазбада оның қасында өзінен әлдеқайда ұзын бойлы ер адам бой көрсетті. Кино саласының жұлдызы онымен бойын өлшемек болып желіде қызу талқыға түсті.

Оқырмандар екі азаматтың дене бітімін салыстыра, оларға қатысты күлкілі пікірлерін жаудырды.

"Жастар майдаланып барады" , "Қатырдыңыз", "Сіз кішкентайсыз ба? Әлде ол тым үлкен бе?" , "Асылханның бойы осыншама аласа ма?" , "Күлкіден өлдім", "Сондай күлкілі видео, көңіл-күйімді көтеріп жібердіңіз" , "Мәссаған, кішкентай ғой Асылхан" , - деп жазуда көпшілік.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel