RU
Нұр-Сұлтан үш жасар қыз баланың өліміне күдікті ретінде өгей әкесі ұсталды

Нұр-Сұлтан үш жасар қыз баланың өліміне күдікті ретінде өгей әкесі ұсталды

Рассказать Вконтакте

Нұр-Сұлтанда полицейлер ер адамды тұтқындады. Ол көз жұмған үш жасар өгей қызының өліміне күдіктелуде деп хабарлайды қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Елордалық полиция департаментінде айтылғандай, үш жасар қыз бала шілде айының басында түрлі жарақаттармен ауруханаға түскен. Нәтижесінде ол мерт болған.

Бүгін бүлдіршіннің өгей әкесі ұсталғаны белгілі болды.

Ол "абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеліп соққан денсаулыққа қасақана зиян келтіру" бабы бойынша айыпталуда.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтан қаласындағы ауруханалардың біріндегі үш жасар қыз баланың өлімі жайында ІІМ кеше хабарлаған еді.

Оның жағдайы нашар жанұяда өмір сүргені, анасы бостандығы шектеулі азаматша ретінде полицияда есепте тұрғаны, ал әкесі бұрын істі болғаны анықталды.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel