RU
Танымал әзілкеш ару шашын алқызыл түске бояп тастады (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Танымал әзілкеш ару шашын алқызыл түске бояп тастады (фото)

Рассказать Вконтакте

Қалың көпшілікке КВН ойындары мен отандық фильмдер арқылы танылған Гүлнәр Сильбаева образын өзгертіп жұртты таңғалдырды. Әзілкеш ару шашын алқызыл түске бояп алған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Отандық актриса өзінің табиғи түсінен бас тартып, аяқ асты стилін өзгертіп жіберген. Гүлнәр жаңа образымен Instagram желісінде бөліскен.

Алайда, Сильбаева парақшасында шу шықпас үшін желі қолданушыларына бірден бұл өзгеріске тек кезекті фильм үшін ғана бел буғанын ескертіп қойды.

"Аса әсерлі жандарға ескертемін. Бұл менің кезекті фильмдегі жаңа рөлімнің образы. Бір айдан кейін шашым қайтадан өз қалпына келеді. Актерлік мамандықты жақсы көремін. Себебі ол алуан түрлі болуға мүмкіндік береді" , - деп жазды актриса.

Гүлнәр Сильбаеваның жаңа шаш үлгісіне қатысты желідегілердің пікірі екіге бөлінді.

Бірі мұндай өзгерісті аса ерекше санаса, енді бірі шашты бояп өзгертпей-ақ, парик кие салу керек деп кеңес берген.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel