RU
Күрестен Бразилияның намысын қорғауға өз еліне келген қазақ жігіті жайлы не білеміз?

Күрестен Бразилияның намысын қорғауға өз еліне келген қазақ жігіті жайлы не білеміз?

Рассказать Вконтакте

Елордада күрестен әлем біріншілігі өткелі жатыр. Чемпионатта бағы мен бабы қатар шапқандар 2020 жылғы Токио Олимпиадасына жолдама алады. Кіл мықтылар арасында Бразилия атынан сынға түсетін қазақ жігіті Марат Гарипов та бар деп жазады Sputnik Қазақстан.

Фото: Sputnik / Абзал Қалиев

Фото: Sputnik / Абзал Қалиев

Марат Гарипов Алматыда туып, Таразда өскен. Грек-рим стиліндегі күреспен бала кезінен айналысады. 2010 жылы Қазақстан атынан Азия біріншілігіне қатысып, ал 2018 жылы Бразилия атынан Панамерика чемпионатында қола жүлде алды.

Қазақстаннан кету туралы ой Гариповке 2010 жылы келген. Айтуынша, басқа елдің құрамасына ауысуға қазақстандық балуандар арасындағы жоғары бәсекелестік себеп болыпты.

"Қазақстан құрамасы атынан сынға түсу үшін күрделі іріктеуден өту керек. Ел чемпионы атану аздық етеді, өзге елдерде өтетін жарыстарда мықтылығыңды үнемі дәлелдеп жүруің керек. Күрес жақсы дамыған елдердің бәрінде осындай тәртіп. Ал Бразилияда біршама жеңілдеу. Ол жақта чемпионаттарда боз кілемде бес балуан белдессе, Қазақстанда елу адам қатысады. Айырмашылығын көріп отырсыз ғой", - деп бастады спортшы.
Фото: Sputnik / Абзал Калиев

Фото: Sputnik / Абзал Калиев

Бразилия құрамасына қабылдануға Гариповке сол елдің күрес федерациясының президенті көмектескен. Балуан ол кісімен Мәскеуде танысқанын айтады.

Сонымен қатар, Бразилияда тұрып жатқанына он жылдай болса да, Гарипов әлі де Қазақстан азаматы. Бразилияда спорт азаматтығын алған. Ол қалаған уақытта елге келе алатынын жеткізді.

"Қалаған уақытымда Қазақстанға келе аламын. Бірақ мұнда мені ешкім күтіп отырған жоқ. Бұл жерде өз жұлдыздарымыз жетіп артылады. Спорттық мансабымды аяқтайтын кезге де жақындап қалдым, елге келудің еш қисыны жоқ", - дейді қазақстандық.

Марат Гарипов – күрестен Бразилия құрамасындағы жалғыз қазақ. Сол елдегі нөмірі бірінші балуан. Бірақ ол өзін жұлдыз деп санамайды. Спортшы Бразилияда алатын жалақысына көңілі толатынын қала мэрі сыйға тартқан баспанасы да барында айтады.

"Табысым жақсы. Егер Бразилия чемпионы болсаң, саған 300 доллар төлейді. Панамерика чемпионатында жеңіске жетіп, үздік үштікке енсең, 500 доллар аласың. Әлемдік рейтингте үздік 20 спортшының қатарына кіргендерге 1000 доллар төленеді. Ал егер ТОП-15-те болсаң, 2000 доллар, алғашқы үштіктегілерге – 5000 доллар", - дейді балуан.

Басылымның жазуынша, Марат Гарипов туған елінен жырақта жүрсе де, қазақ тілін ұмытпаған, ана тілінде еркін сөйлей алады.

"Бразилияда жүргенде, отбасыммен күн сайын амандық білісіп, хабарласып тұрамын. Бұрын скайп болатын, қазір WhatsApp, мессенджер арқылы сөйлесеміз. Біздің елмен тоғыз сағат айырмашылық бар. Мен ана жақта ұйқыға жатқан кезде, Қазақстанда адамдар, керісінше, оянып жатады", - дейді ол.
Фото: Sputnik / Абзал Калиев

Фото: Sputnik / Абзал Калиев

Гарипов Қазақстанға келсе, Бразилияны, Бразилияға барса, Қазақстанды сағынатынын жасырмады.

"Бразилияда жүрген кезде, үш-төрт ай бойы жаным жабырқап, Қазақстанды сағынамын. Қазақтың етін, мәнтісін жегім келеді. Көшеде қазақша немесе орысша сөйлейтін адамдарды кездестіріп қалсам, олардың аузынан шыққан былапыт сөздің өзі құлаққа жағымды естіледі", - деп күлді ол.

Спортшы Қазақстаннан кеткеніне еш өкінбейтінін, елдегі бапкерлерге ешқандай өкпе-реніші жоқтығын да айта кетті.

Сіздің реакцияңыз
5
2
1
4
0
32
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel