RU

Ксения Собчак екінші рет тұрмысқа шықты (фото, видео)

37 жастағы Ксения Собчак пен 44 жастағы Константин Богомолов ресми түрде ерлі-зайыпты атанды. Бірер минут бұрын ресейлік танымал жұлдыздар мәскеулік Грибоедов АХАЖ бөлімінде некелерін тіркеген деп жазады spletnik.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қос ғашық өздерінің некелесу салтанатына өлік таситын көлікпен келіп, көпшілікті таңғалдырған.

Бұл рәсімге қалыңдық ақ түсті көйлекпен келсе, күйеу жігіт қара түсті костюммен түрлі түсті жейдені таңдаған.

Айта кетейік, Ксения Собчак пен Константин Богомолов үшін де бұл екенші неке.

Ресейлік танымал тележүргізуші бұған дейін Максим Виторганның жары болса, белгілі режиссер актриса Дарья Морозбен көңіл жарастырған.

Фото: spletnik.ru
Фото: spletnik.ru: Twitter

Фото: spletnik.ru
Фото: spletnik.ru: Instagram

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1816404-ksenia-sobcak-ekinsi-ret-trmyska-sykty-foto-video.html