Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлімжанов жаңа қызметін Елбасының рөлімен байланыстыратын жандарға жауап берді

Опубликовано:

Актер Нұрлан Әлімжанов өзінің депутаттық қызметін тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлін ойнаумен байланыстыратын адамдарға қатысты пікір білдірді деп жазады Sputnik Қазақстан.

"Иә, киноэпопеяда Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлін ойнадым. Онымен қылмыс жасадым ба? Ол – менің өнерім. Кейбіреулер Елбасын ойнадым дегенді қылмыскер сияқты көреді. Мен 30 жылдың ішінде егемен елімізді жоғары деңгейге жеткізген Елбасымыздың рөлін сомдадым. Ол - менің өмірімдегі бір белес, актер Нұрлан үшін бір рөл", - деді ол.

Әлімжанов осы уақытқа дейін көптеген рөлдерді сомдағанын жеткізді. Ол Гитлердің образы келсе, оны да ойнауға дайын екенін жасырмады.

Актердің сөзінше, өнер адамы рөлді сомдап шыққаннан Гитлер болып қалмайды.

Сондай-ақ, Нұрлан Әлімжанов сұхбат барысында тасадан тас ататындар ортақ мүддені ойламайтынын ашық айтты.

"Бұл – халық емес. Нағыз халық – ол бейбітшілікті қалайтын халық, ол тілеулес, ол қашанда заманның тыныштығын қалайды. Сол полиция, сол президент, сол актер бір ата-ананың баласы. "Біріңді қазақ, біріңді дос, көрмесең істің бәрі бос" дейді ғой. Жауыр болса да, Абай атамыз осыны айтып кеткен ғой", - деді жаңадан сайланған мәжіліс депутаты.

Актер бізге заманның тыныштығы керек екенін білдірді. Ал мемлекет революциялық жолмен емес, эволюциялық жолмен өсуі керек. Себебі бүгін найза алып, аттанатын заман емес. Президенттің сайланғанына көп болмаса да, біраз шаруа қолға алынды. Енді ол да теңізге қосқан бір тамшыдай, қарлығаш қанатымен су сепкендей өзінің бір үлесін қосуды көздейді.

"Атадан қалған бір сөз бар. "Бір сұңқар жарқ етіп шықса, жүз қарға қарқ етіп қаралайды" дейді. Сол әдетімізді қойсақ, оңаламыз. Біз бір-бірімізге тілеулес болып, қолдау көрсетсек, жақсы емес пе? Мысалы, бәлкім, Алла тағала қаралап жазатын адамның бағын ашып, бір күні өзін де осы жерге алып келер. Сол кезде ол әр жұмыстың қиыншылығын түсінеді", - деп түйіндеді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1816418-limzanov-zaa-kyzmetin-elbasyny-rlin-somdaumen-bajlanystyratyn-zandarga-zauap-berdi/

pixel