RU

Жалақы алмағанын баспасөзге хабарлағандар жұмыссыз қалды

Алматы жол пайдалану басқармасының жұмысшылары екі айдан бері айлық ала алмағандықтан жалдамалы пәтерлерінен шығып қалған.

Қазір жұмыстарында қонуға мәжбүр. Жұмысшылар жалақыны бұған дейін де төрт рет кешіктіріп бергендігін айтады. Ал басшылықтың бұл жолғы әрекеті оларды ашындырып жіберді.

"Біз еңбекақымызды сұрауға хақымыз бар шығар? Бәрі ауылдан келген, әрқайсысы пәтерге 25-30 мың теңге жұмсайды. Алатын жалақымыз 35-40 мың", - деп шағымданды "Алматы пәтер" жұмысшысы Ұсен Рақымбаев. "Дэу-Автобаза" АҚ да 150 жұмысшы жалақы күтіп отыр. Жол пайдалану басқармасының басшылығы жұмысшыларының наразылығына үнсіз қалды.

Ал телефон арқылы тілшімен тілдескен бас директордың орынбасары жұмысшыларды "рахметі жоқ, қанағатсыз жандар" деп айыптады. Ашынған жұмысшылар енді сотқа шағымданбақшы. Тағы бір тобы кәсіпорын алдында аштық жариялаймыз дейді.

Ал телефон арқылы тілшімен тілдескен бас директордың орынбасары жұмысшыларды "рахметі жоқ, қанағатсыз жандар" деп айыптады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/181643-zhalaky-almaganyn-baspasozge-habarlagandar-zhymyssyz-kaldy.html