RU

Ауыл тұрғындарынан ақша жинаған топ ұсталды

Жуырда Жамбыл облысы ІІД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері "Арлан" арнайы бөлімшесінің жауынгерлерімен бірлесіп, кәсіпкерге қарақшылық шабуыл жасаған қаруланған топты ұстады.

Қарақшылар қылмысқа екі айдай дайындалған, қалалық кәсіпкердің тұрғылықты жерін, қызметін бақылаған. Қаскүнемдер пәтерде үлкен көлемдегі ақшаның және құнды заттардың барын білген. Бұрын сотты болған Тараздағы 7-ші ықшам ауданының 22 жастағы тұрғыны және 1-ші ықшам ауданының 25 жастағы тұрғыны капронды бетперде киіп, өздері­мен бірге 5,6 мм, кіші калибрлі винтовка, төрт оқ-дәрі және шүріппелі пышақтары бол­ған. Қазір ұсталғандардың екеуі де УҚҰИ-ге жеткізіліп, айыптарын мойындады. Ұстал­ғандардың басқа да жасалған ауыр қыл­мыстарға қатысының бар-жоқтығы анық­талуда. Нұржан ҚАЛМЕТОВ, Жамбыл облысы ІІД ҰҚҚКБ бастығы, полиция полковнигі: Бірнеше күн бұрын біз ҚР ІІМ Оң­түстік  ӨҰҚҚКБ бірігіп, Тараздан теміржол көлігі саласында ірі көлемдегі алаяқтық жасағаны үшін алматылық әріптестердің іздеуінде болған қылмыскерді ұстадық. 45 жастағы ОҚО тұрғыны 2-ықшам- аудандағы жалдамалы пәтерде жа­сы­рынған. Сондай-ақ Шу ауданы Аша ауылының 25 жастағы бопсалаушы тұрғыны 50 мың теңге алу үстінде ұсталды. Бопсалаушы екі жыл бойы күш көрсету арқылы ауыл тұр­ғын­дарынан ақша жинаған Шу қаласын­дағы өрт сөндіру бөлімінің қызметкері бо­лып шықты.

Бопсалаушы екі жыл бойы күш көрсету арқылы ауыл тұр­ғын­дарынан ақша жинаған Шу қаласын­дағы өрт сөндіру бөлімінің қызметкері бо­лып шықты.

Қаскүнем қамауға алынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/181645-auyl-tyrgyndarynan-aksha-zhinagan-top-ystaldy.html