Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Манчестер Юнайтедтің" екі ойыншысы "Астанаға" қарсы ойынға шықпауы мүмкін

Опубликовано:

Англия чемпионатының кезекті туры мен Еуропа лигасы топтық кезеңінің алғашқы ойынында "Манчестер Юнайтедтің" қос ойыншысы алаңға шықпауы ықтимал деп хабарлайды Vesti.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/paulpogba, martial_9
Фото: Instagram/paulpogba, martial_9: Instagram

"Лестер" мен "Астана" футбол клубтарына қарсы матч алдында қызыл сойқандардың қос футболшысы Поль Погба мен Антони Марсьяль жарақат алды.

Бұл ақпаратты "Манчестер Юнайтедтің" бапкері Уле-Гуннар Сульшер де растады.

"Погба алдағы екі күнде ғажайып жағдай орын алмаса, қалпына келмейді. Ол әлі 100 пайыз жаттығуға дайын емес. Біз келесі аптада "Вест Хэмге" қарсы ойында кейбір футболшылар қатарға қосылады деп сенеміз. Бұл Поль мен Антониге қатысты", - деген Сульшердің сөзін "МЮ"-ның ресми сайты келтірді.

Айта кетейік "Манчестер Юнайтед" пен "Лестер" арасындағы ойын 14 қыркүйек күні өтеді.

Сульшер шәкірттері "Вест Хэммен" 22 қыркүйекте кездеседі.

Ал Еуропа лигасының аясындағы матчта "қызыл сойқандар" өз алаңында он тоғызынан жиырмасына қараған түні "Астана" командасын қабылдайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1816457-mancester-unajtedti-eki-ojynsysy-astanaga-karsy-ojynga-sykpauy-mmkin/

pixel