RU
Мемлекет басшысының көмекшісі Тоқаевтың Қытайға сапарының үш ерекшелігін атады

Мемлекет басшысының көмекшісі Тоқаевтың Қытайға сапарының үш ерекшелігін атады

Рассказать Вконтакте

Қазақстан президентінің көмекшісі Мұрат Нұртілеуов мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға сапарының үш ерекшелігін атады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

Бұл туралы Нұртілеуов президенттің Қытайға екі күндік сапарын қорытындылауға арналған баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

"Біріншіден, бұл іс-шара мемлекет басшысының президенттік сайлаудан кейінгі Қытайға алғашқы мемлекеттік сапары болды. Қытай тарапы да оған үлкен баға беріп отыр. Екіжақты қарым-қатынаста басымдық бар екенін сезініп, олар да өз тарапынан бізбен етене жұмыс істеуге, бірге дамуға, халықтарымыздың игілігі үшін бірге жұмыс істеуге дайын екенін растады", - деді ол.

Мемлекет басшысы көмекшісінің сөзінше, Тоқаев Қазақстан Қытаймен өзара байланыс және ынтымақтастықты тың белеске шығаруға мүдделі екенін жеткізген.

"Айта кету керек, Қытай тарапы да бұған үлкен мән беретінін көрдік, сезіндік. Олар бізбен сауда-экономикалық қатынастарды, көліктік-логистикалық, өндірістік, сонымен қатар, жаңа бағыттарда жұмыс істеуге дайын екенін растады", - деді Нұртілеуов.

Оның айтуынша, екінші ерекшелік мемлекеттік сапар дүниежүзілік саясат пен экономикадағы аумалы-төкпелі кезеңде өткен. Бұл екіжақты қатынастардың стратегиялық сипатқа толық сәйкес екенін көрсетеді.

Сәйкесінше, осы тұста екі ел лидерлері аймақтық және халықаралық мәселелер төңірегінде пікір алмасып, ортақ ұстанымын, сонымен қатар, өзекті проблемалар бойынша позицияларын топшылады.

"Үшіншіден, президент сапары Қытайдың 70 жылдық мерейтойы қарсаңында ұйымдастырылғанына назар аудару абзал. Осы қадаммен біз Қытаймен достас халық екенімізді көрсеттік. Тату көршілікті көрсеттік. Өзара тиімді ықпалдастықты әрі қарай жан-жақты бекіте түсуге дайындығымызды білдірдік", - деді Тоқаевтың көмекшісі.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
1
5
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel