RU
"Қазақ жігіттері құрып қалды ма?": Дұғалова тыңдармандарынан тағы сөз естіді (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Қазақ жігіттері құрып қалды ма?": Дұғалова тыңдармандарынан тағы сөз естіді (фото)

Рассказать Вконтакте

Белгілі отандық әнші Жанар Дұғалованың Instagram парақшасында жариялаған жаңа суретін өнер иесінің тыңдармандары сынап тастады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әншінің жеке парақшасында жарияланған сурет тыңдармандардың пікірін екігі бөлді.

Бірінші тарап Дұғалованы өзге елді жігіттерінен қызғанатындарын ашық айтты.

"Неге үнемі қара нәсілді жігіттермен жүретін болғансың? Қазақ жігіттері құрып қалды ма?", "Жанар, сені өзге елдің жігіттерінен қызғанамыз", "Соңғы уақытта афроамерикалықтармен көп араласатын болыпсың", деді олар.

Ал екіншілері әншінің өміріне ешкімнің араласуына құқығы жоқ екенін айтып, әртіске шығармашылық табыс тіледі.

"Ел айта береді", "Сізге бәрі жарасады", "Адамдар қызық. Жанар өзге ұлттың жігітімен құшақтасып түскен жоқ", "Бәрі керемет", "Тағы бір туындымен қуантуға дайындалып жүрген сияқтысыз" деді әншінің тыңдармандары.

Еске сала кетсек, осыған дейін қара нәсілді жігітпен түскен суретін желіде бөліскен Жанар Дұғалованы жұрт сынап тастаған болатын.

Сіздің реакцияңыз
38
3
4
1
2
3
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel