Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елеусінов ешқашан жеңілмеген америкалықты бірінші раундта нокаутқа түсірді (фото, видео)

Опубликовано:

2016 жылдың Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов кәсіби рингтегі кезекті жеңісіне қол жеткізді. Ол ешқашан жеңілмеген 34 жастағы америкалық Решард Хиксті бірінші раундта-ақ нокаутқа жіберді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Кездесу Нью-Йорк қаласындағы әйгілі Madison Square Garden аренасында он раундтық форматта өтті. Жекпе-жекті "Хабар" арнасы тікелей эфирде көрсетті.

28 жастағы Елеусінов үшін бұл сегіз кездесудегі сегізінші жеңісі болып отыр. Ол төрт жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтаған.

Ал америкалық Решард Хикс өз мансабында алғаш рет жеңіліске ұшырады. 34 жастағы спортшы осыған дейін 12 рет жеңіске жетіп, бір рет тең түскен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1816501-eleusinov-eskasan-zeilmegen-amerikalykty-birinsi-raundta-nokautka-tsirdi-foto-video/

pixel