RU

Алдағы үш күнде Қазақстанның көп өңірінде жаңбыр жауады

Алдағы үш күнде Қазақстанның көп бөлігінде жаңбыр жауады деп хабарлайды "Қазгидромет".

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Республиканың оңтүстік жартысына белсенді бұлтпен, кей жерлерде найзағаймен өткінші жаңбыр тудырып, Қазақстанның оңтүстік, орталық және оңтүстік-шығыс аймақтарында бұршақ жаууы ықтимал.

Ал Ресейдің Еуропалық бөлігінің солтүстік-батыс аймағынан келетін атмосфералық фронттармен республиканың батыс және солтүстік өңірлерде найзағаймен жаңбыр, екпінді жел күтіледі.

Климаттық нормаға жақын ауа температурасы болжанады, ал үсік Қазақстанның тек шығысында болуы ықтимал.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1816507-aldagy-s-knde-kazakstanny-kp-irinde-zabyr-zauady.html