Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қоймадағы қопарылыс: Арыста төрт әскери қызметкер жарақат алды

Опубликовано:

Арыс қаласында жаңа төтенше жағдай салдарынан төрт әскери қызметкер жарақат алды деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден: UGC
"Бүгін Арыс қаласының аумағында әскери қызметшілер қойма аумағын оқ-дәрінің бөлшектерінен тазартуға қатысты жоспарлы жұмысты жүргізу кезінде қопарылыс болды. Төтенше жағдайдан кейінгі жою жұмыстарын жүргізген төрт келісім-шарт әскери қызметшісі жарақат алды. Олардың барлығы әскери бортпен Алматы қаласындағы Қорғаныс министрлігінің әскери клиникалық госпиталіне жеткізілді",- делінген хабарламада.

Министрліктің баспасөз қызметінің мәліметінше, осы оқиға бойынша Әскери полиция тексеру жүргізіп жатыр. Сондай-ақ, ведомство тұрғындарға келер қауіп жоқ екендігін қаперге салды.

"Тұрғындарға ешқандай қауіп жоқ, жағдай толық бақылауға алынған. Еске сала кетсек, қала аумағын және оқ-дәріні сақтау нысандарына жақын аумақтарды тазартқаннан соң оқ-дәрілердің негізгі бөліктері әскер бөлім аумағында тұр, тұрғындарға ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Сонымен бірге, әскери бөлімдегі әскери қызметшілердің оқ-дәрі бөліктерін жинау және жою жұмыстарына белгілі бір уақыт керек. Осыған байланысты Қорғаныс министрлігі ресми мәлімет таратушы органдарға сеніп, расталмаған ақпаратты таратпауды сұрайды", -делінген хабарламада.

Сондай-ақ Қорғаныс министрлігі тұрғындарға күдікті заттарды тауып алған жағдайда дереу 102 нөміріне хабарласуды, әрі өз бетінше ешқандай әрекет жасамау керектігін ескертеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1816510-kojmadagy-koparylys-arysta-trt-skeri-kyzmetker-zarakat-aldy/

pixel